17.11.2022
М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде «Адам құқығы-Бала құқығы» атты Республикалық онкүндік аясында 1-4 курстар арасында «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: жасөспірімдерге зорлық-зомбылық, оның алдын алу мүмкіндіктері, жәбірленушіні қорғайтын заңдар туралы түсінік беру, тұрмыстық зорлық зомбылыққа жол бермеу. Студенттер топ ішінде аталмыш тақырыпты талқылап, өз ойларын ортаға салды. Жәбірленушіні қорғайтын заңдармен танысты.